2020-2021 жж бірінші жартыжылдығының нәтижелері

2020-2021оқу жылының 1жартыжылдығында атқарылған тәрбие жұмысының есебі

 

Жалпы адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғанытәрбиелеу.

 

Мақсатқа жету келесідей мәселелерді шешу барысында жүзеге асырылды:

жеке тұлғаның кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;

-өз елінің, колледжінің, айналасындағы адамдардың әл-ауқатына қамқорлық көрсететін азаматтық-патриоттық жағдайды, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру;

-моральдық тәрбие, оның нәтижесі – жалпы адамзаттық мораль нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін меңгеру;

-жалпы адамзат мәдениетінің байлығы мен Отанының мәдениетін көрсететін мәдени құндылықтар жүйесі бойынша оқитын студенттерді ынталандыру;

-жұмысқа деген оң көзқарасты қалыптастыру, шығармашылық жұмысқа жеттілікті дамыту;

-заңға және қоршаған адамдардың құқықтарына деген құрметке негізделген ұжымдық өмір нормаларын сақтау;

-салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық өзін-өзі жетілдіру және дамыту қабілеті.

Міндеттері:

  1. Тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті, азамат және патриотты қалыптастыруғакөмектесу, олардың бойында балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұрудайындығын, құқықтық санасын, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қоғам өмірі дәстүрлері және нормаларымен үйлестірілгенморальдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру мүмкіндігін туғызу.
  3. Тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасындатұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерінарттыруға, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруге ықпал ету.
  5. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, тұлғаның қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларынқалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  6. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі іске асыруына саналы қарымқатынасын қалыптастыру, табиғат сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеуіне; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамытуына жағдай жасау.
  7. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиетін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемеліккеңістігін, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын, дене дамуы мен психологиялық денсаулығын сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторлардыанықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

 

Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысы.

  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан

Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы;

  • Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысы.

  • Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 27 қаулысы.
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары. Қазақстан Республикасы Премьер

Министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 86 өкімі

Тәрбие жұмысының бағыттары

 

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие
  4. Отбасы тәрбиесі
  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Өткізілген іс шаралар.

1 қыркүйекте Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді.Жауапты директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков1 курс топ жетекшілері.

9 қыркүйекте құқық бұзушылық Кеңесінің отырысыөткізіліп,студенттер мен жергілікті полиция қызметкерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып ,дәріс оқылды ,топ жетекшілері ұйымдастырды.

17 қыркүйекте тіл мұғалімдері тарапынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі», «Үш тілділік-заман талабы» үш тілде (қазақ тілі,орыс тілі мен ағылшын тілдерде) эссе өткізілді.

22 қыркүйекте «Құқық қорғау органдары, прокуратура, ҰҚК-ті қызметкерлерімен кездесу.Құқық бұзушылыққа бейім қиын студенттер -Власов Н. 3EM, Сонда болды. 8TR, МарксулыТ. мен жеке онлайн әңгіме жүргізіліп, ата-аналарымен жұмыс жасалды, топ жетекшілері ұйымдастырды.

30 қыркүйекте студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыста болу мақсатында ата-аналар жиналысындиректордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пен топ жетекшілері ұйымдастырды.

Әр ай сайын учаскелік инспекторлармен кездесулер ұйымдастырылып отырылды.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс ай сайынғы кеңестерде қарастырылды.Директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пен Бержикенов МТ.кураторлар әдістемелін өткізіп отырды.

18 қазанда директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пен топ жетекшілері студенттер арасында анонимді сауалнама ұйымдастырды.Теология тақырыптары бойынша 50 студент арасында сауалнама өткізді.Кітапхана меңгерушісіМ. АдикановаПрезидент Жолдауын іске асыру жөніндегі көрнекі үгіт материалдарын (көрме, тб.) әзірлеу және колледж ішіне орналастырылуын қамтамасыз етіп отырды.21караша

1 кыркүйектен бастап психолог және топ жетекшілерістуденттер тізімін жасақтап, олар туралы мәліметтер мен мінездемелерін жинады.1 қыркүйекте топ жетекшілері «ҚР Конституциясы» атты тәрбие сағаттарын өткізді.

Қыркүйекте «Сункар» үіирмесінін жумысы ұйымдастырылды 1 және 2курс 25 студенттер тізімі құралды.

8 қыркүйекте -Колледж ережелерімен танысу,директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пентоп жетекшілері ұйымдастырды

9 қыркуйекте-«Туған тілім-айбыным» тәрбие сағатын,топ жетекшілері ұйымдастырды.

16 қыркүйекте-«Ұлттық тәрбие дегеніміз не?» атты тәрбие сағаттары топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

17 қыркүйекте тіл мұғалімдері Тюстикпаева Р.және топ жетекшілері «Тіл апталығын» ұйымдастырды.

«Ата Заң – Азат елдің ар-намысы» колледж ережелерімен,  заңдармен таныстырудыдиректордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пентоп жетекшілері ұйымдастырып,содан кейін 9 топтың студенттері онлайн қатысты.

21 қыркүйекте Президент жолдауын түсіндіру бойынша «Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру» тақырыбында топ жетекшілік тәрбие сағатына учаскелік инспекторлар шақырылды, топ жетекшілері ұйымдастырды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» ақын өлеңдерінен,Абайдың қара сөздерінен үзінді оқу онлайн әдебитәрбие сағатын топ жетекшілері ұйымдастырып, содан кейін 9 топтың студенттері онлайн қатысты.

21 қарашыда Кітапхана меңгерушісіМ. АдикановаЖолдаудың негізгі басымдықтары бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар (слайдтар, баяндамалар) дайындады.

22карашыда топ жетекшілері1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-елдің тірегі» атты онлайн тәрбие сағаттарын өткізді.

9 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» (патриоттық тәрбие) тақырыбында онлайн тәрбие сағаты өткізіліп , барлық 9 топтың студенттері онлайн қатысты,директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пен топ жетекшілері ұйымдастырды.

2 желтоқсанда Президент жолдауын түсіндіру бойынша «Ұлт жоспарының ұлағаты» тақырыбында онлайн тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді оны директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пентоп жетекшілері ұйымдастырды

2.Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Өткізілген Іс шаралар.

Оқырмандарға кітап қорын пайдалануға жағдай жасау;Оқырмандардың кітап оқуға құштарлығын арттыру;Жастардың оқу мәдениетін көтеру;Кітапханадағы кітап қорының дұрыс сақтауын қадағалау;Студенттердің талабына сай оқулықтардыжан-жақтан (мектептерден, дүкендерден) сұрастыру;Кітапхана қорын оқырмандардың еркін пайдалануына мүмкіндік туғызу;Кітапхана меңгерушісіАдиканова .М.А.Жыл бойы

Психолог Асанова ДККәмелетке толмағандар арасында суицидалды мінез-құлықтың алдын –алу бағдарламасын ата-аналармен, колледж қызметкерлерімен және жеткіншектермен(1-курс студенттерімен) 14 қазан күні онлайн тәрбие сағатын өткізді.

11 қазан -тәртіп туралы шындык ,

11 карашада -Қалауың бойынша танда, атты онлаиндәрістерөткізілді ..

30 қыркүйекте Мұғалімдер күніне орай кітапхана меңгерушісіАдиканова М.А. онлаин кітап көрмесін ұйымдастырды.

Директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков және топ жетекшілері18 қазанда – Рухани келісім күні, құқық қорғау органдары, діни бірлестік қызметкерлеріменонлайн кездесуөткізді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» онлайн тәрбие сағатын топ жетекшілері ұйымдастырып, 9 топ студенттері түгел онлайн қатысты.

23 қыркүйекте топ жетекшілері «Ұстаз –ұлағатты ұлы есім» атты ұстаздар күніне мерекелік онлаин тәрбие сағатын өткізді.

30 қыркүйекте кәсіптік ұжым Қарттар күніне арналған «Қарттарым-асыл қазынам» мейрімдік акциясын ұйымдастырылып барлық студенттер онлайн қатысты.

  1. Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру.

Өткізілген Іс шаралар.

21 желтоқсанда кітапхана меңгерушісі Адиканова М.А.«Әл-Фараби және оның мұралары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

19 желтоксанда Тюстюкпаева РК. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты»ашык онлайн ашык тәрбие сабағын өткізді.

Кітапхана меңгерушісі Адиканова М.А.мұғалімдер күніне онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды.

  1. Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттілектерін арттыру.

Өткізілген Іс шаралар.

27 қараша «Тәуекел тобындағы» 9ТР, 8TR,3EM,7ТР қиын студенттердің ата-аналарымен әңгімелесіп,2желтоксанда «Қиын балалармен жұмыс»Кенжебеков Е,Қабденов R 7TR,Власов N3EM, 8ТР болған, MarksulyT,Козлова И.Васильев И.9ТР пікір алмасу жүргізілді. Оны директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пентоп жетекшілері ұйымдастырды.

23 желтоқсанда Директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков,ИДН учаскелік инспектор,топ жетекшілері«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу», «Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» атты онлайн кездесулер ұйымдастырып, дәрістер оқыды.

1курс студенттерінің жаңа ортаға беймделуіне, психологиялық диагностика өткізілді.Жатакханада тұратын студенттермен 02.09 қүні «Кел танысайық» атты тренингі өтті.

05.09  әлеуметтік педагог, топ жетекшісі және өндірістік оқыту шеберлеріменбірлесіп 1 курс студенттерімен жеке әңгіме,кіріспе сауалмасы жүргізілді.

07.09 студенттермен кіріспе сауалнамасы жүргізіліп қорытындысы топ жетекшілеріне ұсыныстар берілді.

Сұраныс бойынша жатақханада тұратын, ата анасынан жетім қалған 9ТР20оқу тобының студенттері Васильев И мен СамарцевА 4В ,20тобының студенті СамойловаА және 7ТР 18 оқу тобының студенті Кенжебеков Е. лермен жеке әңгіме жүргізіліп, ұсыныстар берілді .

«Мейірім»психологиялық еріктілер үйірмесі колледжде қарттар күніне орай ұйымдастырылған мереке қарсынында, колледж зейнеткерлерінің үйіне тыл енбеккері БазалеевИ.И, Шарапова Р.А., 9 ТР оқушылары СамарцевА. ерлер Васильев І. көмектерін көрсетті.

1және 4курс студенттер арасынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ жетекші және өндіріс шеберлері, әлеуметтік педагогтың катысуымен қауіпті тобындағы студенттер тізімі құрылды.

Мазасыздық деңгейін және жатақхана мәселерін зерттеу мақсатында жатақханада тұратын, жетім жәнеата анасынан қалған 9ТР-20оқу тобының студенттері Васильев И мен СамарцевА. 4В-20тобының студенті СамойловаА. және 7ТР- 18 оқу тобының студенті КенжебековЕ. Термен жасырын сауалнама жүргізілді.

«Әлеуметтік тұрмысы төмен жанұядағы60оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қашықтықтан оқытылғаннан бері 20.09.20ж тамақтың ақшалай ақысы төленді.

Жатақханада қалған 4 білім алушылардың күнделіктегі тамақ ішуі кесте бойнша кезекшілік арқылықадағаланып турды.

Колледж бойынша баланың жалпы саны 119, көпбалалы отбасындағы оқушылар саны 25,бала аз қамтылған 30бала, ата анасының қамқорынсыз қалған 3 және толык жетім 1 Васильев І.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарымқатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның эко эволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.

Өткізілген Іс шаралар

Әр аптаның жұмасы күні «Таза сенбілік» барысында ғимарат ішін, кабинеттерді тазалаужұмыстары ұйымдастырылып отырды.

28 қарашада әр топта «Менің таңдаған мамандығым» ашық тәрбие сағаты өтті.

Директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков пен топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан күні «Табиғат және біз» акциясы, 5 казанда онлайн суреттерді салу күндері өтті.

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Өткізілген Іс шаралар

20 қыркүйекте 1 курс студенттерінің ішкі тәртіпке бейімделуін қадағалау барысында директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков және топ жетекшілері колледж аралық тексерістер ұйымдастырды.

29 қаращада «Жастар – мәңгілік ел болашағы» атты онлайын студенттер қатарына қабылдау ұйымдастырылды

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлғалық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функционалдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық нормалары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.

Өткізілген Іс шаралар

Төмендегі колледжішілік,  іс шараларды сайтқа және инстаграмм жүйесінеорналастырылды:

-Карантин кездегі колледжде оқыту режімы барысында бейне фильмдер түсірілді.

-9ТР топ студенттерінің «Мейірымділік көмек көрсету» бейне фильмі түсірілді.

-ТИПО 80жылдык мерей тойына арналғанКГУ КАТК тарихы мен заманауи өмірі туралы кәсіби ақпараттар жиналып,бейне фильмі түсірілді.

Профориентация бағытына арналған Моб Стенд құрастырылды.

-Өндірістік шеберлерТурабаев ЕМ пен Нургазин КМ тардың «2021 жылғы колледжде оқыту жәна мамандар» атты бейне баяндамалары .

-Ұжым атынан ОБПРбалаларға жана жылға силықтар таратылды.

– Ұжым атынан мүгедек балаларғажана жылға сыйлыктар таратылды.

-Инстограммжәне колледж сайтына тәрбиелік кұжаттар мен ақпараттары жіберіліп отырылады

4 желтоқсанда топ жетекшілері «Болашаққа бағдаршам» атты онлайн тәрбие сағаттарын өткізді.

25 желтоқсанда жатақханада «Қош келдің, Жаңа жыл!» жаңа жылдық іс – шараұйымдастырылды.

 

8.Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыружастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Өткізілген Іс шаралар

29 қыркүйекте дене шынықтыру пәні мұғалімдері Нурчитов АЕ, Тупенев Е.Р.

Денсаулық фестивалін , 9 қазанда- «Дұрыс тамақтану — денсаулық» негізі ,онлайн дәріс өткізді.

30 караша Медбике-Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні ,3 желтоксанда Халықаралық СПИД– ке қарсы күрес , 25 қарау«Нашақорлық-ғасыр» дерті атты онлайн дәріс өткізді.

18 қарашада медбике мен психолог«Зиянды заттарға жол жоқ!»тренинг ұйымдастырды.

«Абайлаңыз! ЖРВИ мен тұмау!«, «Ковид-19 дан сақтанайық» Тақырыбында әр ай сайын онлайн дәрістер өткізілуде.

2020-2021 оқу жылының 1 жарты жылдығындағы жасалынған жұмысты қортындылай келе ,жоспар бойынша қойылған жұмыстардың орындалының ұтымды және әлсіз жақтары бар деп санаймын. Олар:

Ұтымды жақтары :

  1. Тәрбие жұмысының басым бағыттары жоспарда көрсетіліп,жоспарлы түрде өткізілді.

2.Әсіресе топ жетекшілерінің тәрбие жұмыстары нақты жоспарланған

3.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиеге көп мән берілді.

  1. Салауатты өмір салты барысындағы іс –шаралар жоспарланып ,өз деңгейінде өткізілді.

Әлсіз жақтары:

  1. Жоспарланған кейбір іс –шаралардың деңгейінің төмендеуіне эпидемиялық ахуалдың әсері болды.
  2. Коледждегі интернет желісінің әлсіздігінен Республика ,облыс деңгейінде өткізілген кәсіптік бағдарламаларға толықтай қатыса алмадық.

3.Спорт секциясының қатысушылары , футбол және т.бұйымының жекелеме жұмыстарын ұйымдастыру болмады.

4 Эпидемиялық ахуал оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының белсенділігін төмендетті.-пәндік және техникалық,өнер саласындағы үйірмелерге қатысу болмады.

  1. Өткізілген онлайн дәрістер мен тәрбие сағаттары да іс- шаралардың сапасына төмен әсер берді.

Оқу жылының ІІ жартыжылдығында жоспарланып отырылған іс –шаралардың жоғарғы деңгейде өткізу үшін:

  1. Тәрбие жұмысы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру.
  2. Біліктілік арттыру курстарына топ жетекшілерін жібіеру.

3.Колледжде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жақсарту.

4.Қамқоршылар кеңесінің жұмысын жандандыру.

5.Әдептілік пен инабаттылыққа баулу барысында қыздар кеңесін ұйымдастыру .

6.Интернет желісін арттыру.

7.Спорттық секциялар мен техникалық және басқа үйірмелердің жұмысын жандандыруды қажет деп санаймын.

Директордың ТЖ орынбасары Е.Скаков

1 жж Есебі 2020

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған