волонтерлық жұмыс.

Колледждегі «Қайырымдылық күні»

 Наурыз мерекесі қарсаңында «Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ онкүндік өткізілді. Сол онкүндіктің бірінші күні «Қайырымдылық» күніне арналған іс-шараға арналды.   Сондықтан студенттерден құралған «Еріктілер» тобы колледж психологі Асанова Дана Кабидолдақызы және әлеуметтік педагог Оразаева Маржан Жеңісқанқызымен бірге колледждің еңбек ардагері Базалеев Иван Ивановичтің үйіне барып үй шаруасына көмектесті. Ауладағы қарды тазалады. Қыздар үй ішін тазалады. Ардагер студенттерге өзінің өмірбаянын әңгімелеп берді.

14.03.2018сол.

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Қайырымдылық жасасаң,қайырымын өзің көрерсің.

(халық даналығы)

   Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға үлес қоса білуге атсалысқан «Қатонқарағай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы.

   Ізгі қайырымды істер жасау арқылы балалардың ризашылығы пен алғыстарын ала отырып, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамытуға тәрбиелеу. «Қатонқарағай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылы 12 ақпан мен 12 наурыз аралығында «Жүректен жүрекке» дәстүрлі облыстық қайырымдылық акциясы жалғасын таба білді. Акцияның басты мақсаты – күнкөрісі төмен көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға және басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету.

   «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін! Көмек әлеуметтік жағдайы төмен Ушакова Еленаның жанұясына көрсетілді. Осы акция барысында колледж ұжымы өздерінің қолдарынан келгенінше киімдей және 1 шаршы метр отын, 1 тонна таскөмір,  азық түлікпен көмек көрсетілді.

   Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды, қайырымдылығымызды аямайық ағайын!       

«Қатонқарағай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог – психологы

D. Асанова

12.03.2019

Eріктілер қызметі — ерекше қайырымдылық

Адамдық борышың – Халқыңа қызмет қыл.

Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл.

(Шәкәрім)

Біздің «Катонқарағай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемемізде 19 қарт зейнеткерлеріміз бар. «Мейірім» психологиялық еріктілері «Қарттарға құрмет» атты акция аясында зейнеткер, тыл еңбеккері Базалеев Иван Ивановичтің үйіне барып, өз қолғабыстарын тигізіп, үлкен алғыстарын арқалап қайтты.

Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз. Ендеше, біздің колледжіміздің зейнеткер аналары «Мейірім» психологиялық еріктілері назарынан қалмады. Еріктілер өздерінің шама шарқынша қолдарынан келген силықтары мен құттықтау қағаздарын алып аналарды мерекелерімен құттықтап қайтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған