Кәсіптік білім аясы кеңеюде.

«Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан  халқына  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды.  Оқытушылар мен  өндірістік оқыту шеберлері  арасында өткізілген  жиында  осыған дейінгі  Жолдауды қолдау  мақсатындағы іс-шаралар талқыланып, жетістіктер атап өтілді.  Мәселен, өткен 2016-2017 оқу жылында  «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық  білім»  және  «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік  бағдарламалары    негізінде 3 айлық   қысқа мерзімді курс бойынша         Катонқарағай ауданының жұмыссыз және әлеуметтік жағдайы төмен   114 тұрғыны жұмысшы мамандығын  оқып шықты. Білім алушылар тегін білім алып, қосымша төлемақымен қамтамасыз етілді.

2018 – 2019  оқу жылында   қоғамның қажеттілігіне байланысты  және сұраныстарға орай,   жаңадан  0511022 «Экскурсовод »,  1508052 «Орманшы»,   1401242 «Кең  профильді құрылыс шебері»,  1403032 «Санитариялық-техникалық жабдық монтажшысы»  мамандықтарын  ашуды жоспарлап отырмыз.

Бүгінде Катонқарағай, Зырян аудандырының  өңірлерінен 141 студент  «Ауылшаруашылығының тракторшы-машинисі»,  «Ветеринар»,  «Аспаз», «Омарташы», «Электр жабдықтарына қызмет көрсететін электромонтер»  мамандықтары бойынша  оқып, білім алуда.  2017-2018 оқу жылында «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік  бағдарламасы     негізінде 2 жыл 10 айлық мерзіммен  3 оқу тобы қабылданды.

2016-2019 жылдарға арналған ғылым мен білімді  дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру  жұмыстары аясында  меморандум, жұмыс берушілермен  келісім шарттар    жасалынды.

Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту  шеберлері  жыл сайын біліктіліктерін арттыру курстарынан  өтіп  білімдерін жетілдіреді.

Жолдауда Елбасы диплом беріп қана қоймай, жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін атап өтті. Колледжімізде  Ветеринар және Электр жабдықтарына қызмет көрсететін электромонтер  мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізілген.

Катонқарағай аграрлық — техникалық колледжі  ұжымы қашанда Елбасымыздың Жолдауын қолдау мақсатындағы жұмыстарда қажырлықпен еңбек ете бермек.

 

«Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ  директоры:

 С.Д. Құдабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *